Жуалы: «Ұшқан ұя» – отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтар негізі

Жуалы: «Ұшқан ұя» – отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтар негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық кітапханасында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы негізінде отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған отбасылық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Медетбековтер отбасы, кітапхана қызметкерлері және Жуалы мешітінің имамы Сейтқазы қажы Әбдірұлы қатысты.

Басқосуда Бауыржан Момышұлының балалық шағы, отбасында алған тәрбиесі, әжесі мен әкесінен көрген өнегесі сөз болды. Шығарма арқылы отбасы бірлігі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ана тіліне деген сүйіспеншілік және отансүйгіштік құндылықтарының маңызы кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында бала тәрбиесіндегі басты құндылықтар, ұлттық салт-дәстүрлерді ұрпақ бойына сіңіру және отбасында үлкендерді құрметтеу мәселелері қозғалды. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берген Сейтқазы қажы Әбдірұлы отбасы тәрбиесінің маңызы мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың мәнін түсіндірді.

Сонымен қатар отбасы мүшелері бата беру, қонақ күту, үлкендерге сәлем салу, тұсаукесер, шілдехана және бесікке салу секілді салт-дәстүрлер туралы ой бөлісті.

Тағылымды басқосудың мақсаты – отбасы мүшелерінің өзара сыйластығын нығайту, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және жас ұрпақты үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Отбасы тәрбиесін арқау еткен кездесу ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудің маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: