Шу ауданы “Төле би” мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы құптан намазы кезінде жамағатқа «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында насихат айтты.
Уағыз барысында құдайы ас берудің рухани мәні түсіндіріліп, марқұмға дұға бағыштау мен сауапты амалдардың маңыздылығы айтылды. Имам ас беру рәсімін бәсекеге айналдырмай, ысырапшылдыққа жол бермеуге шақырды. Сондай-ақ ас берудегі басты мақсат – елдің алғысын алу емес, ізгі ниетпен дұға жасап, марқұмның рухына сауап бағыштау екенін атап өтті.
Насихат соңында жамағат көкейде жүрген сұрақтарын қойып, имамнан тұшымды жауаптар алды. Кездесу дін мен дәстүрдің мәнін тереңірек түсінуге, ас беру мәдениетінде қарапайымдылық пен берекені басшылыққа алуға бағытталды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі



26 Қазан 2026
14 Джумада-авваль 1448

