Қордай: Қайырымдылық шарасы жалғасуда

Қордай: Қайырымдылық шарасы жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің молдасы Саламат Сәлімұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы жалғасын тапты. Игі шара аясында денсаулығында шектеуі бар екі балаға қаржылай көмек көрсетілді.

Әр балаға 20 000 теңгеден беріліп, жалпы көмек көлемі 40 000 теңгені құрады. Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің белгісі. Осындай игі істер арқылы көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, қоғамда өзара жанашырлық пен ізгілік құндылықтары дәріптеледі.

Алла Тағала қайырымдылыққа үлес қосқан барша азаматтардың ниеттерін қабыл етіп, жасаған жақсылықтарын еселеп қайтарсын! Көмек алған балаларға шипа, отбасыларына сабыр мен күш-қуат нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: