Қордай: «Уақыптың қоғамға берер пайдасы» тақырыбында уақып сағаты өтті

Қордай: «Уақыптың қоғамға берер пайдасы» тақырыбында уақып сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Абдразахов Азаматтың ұйымдастыруымен аудан дін қызметкерлеріне арналған «Уақыптың қоғамға берер пайдасы» тақырыбында уақып сағаты өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – дін қызметкерлеріне уақыптың маңызын түсіндіру, оның қоғамдағы рөлін кеңінен насихаттау және қайырымдылық мәдениетін дамыту.

Кездесу барысында уақыптың ислам дініндегі орны, оның мешіттердің дамуына, діни-ағартушылық жұмыстардың жандануына және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетуге қосатын үлесі туралы айтылды. Сонымен қатар уақып ісін жүйелі түрде дамыту, халық арасында оның мән-маңызын түсіндіру және сауапты іске көпшілікті жұмылдыру мәселелері қозғалды. Уақып – қоғамның игілігіне қызмет ететін, үздіксіз сауапқа жетелейтін ізгі амалдардың бірі.

Осындай тағылымды кездесулер дін қызметкерлерінің білімін жетілдіріп, қайырымдылық пен ізгілікті насихаттауға ықпал етеді. Алла Тағала игі істерімізге береке беріп, ел игілігі жолындағы еңбектерімізді қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: