Қордай: «Рахман» мешітінде Мәуліт оқылды

Қордай: «Рахман» мешітінде Мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешітінде имам Егізбаев Алмұхамет Мәуліт оқыды. Рухани шара барысында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өмірі мен өнегелі жолы дәріптеліп, жамағатқа рухани әсер сыйлады.

Мәуліт оқу арқылы жамағаттың Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) деген сүйіспеншілігі артып, имандылық пен ізгілік құндылықтары насихатталды.

Алла Тағала баршамызға Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) сүннетін берік ұстанып, ізгі амалдар жасауды нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: