Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде бесін намазы уақытында жамағатқа уағыз-насихат айтылды.
Ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай «Ысырапшылдық - шайтаннан» тақырыбында насихат жүргізіп, ислам дінінде үнемшілдік пен қанағатшылдықтың маңызына тоқталды. Сондай-ақ ас пен аста-төк дастархан жасауда, күнделікті тұрмыста және дүние-мүлікті пайдалануда ысырапқа жол бермеудің қажеттігін түсіндірді.
Бас имам жамағатты қолда бар нығметтің қадірін білуге, үнемшілдікке үйреніп, игілікті істерге ұмтылуға шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

