Қордай: Бейіт басына тазалық жұмыстары жүргізілді

Қордай: Бейіт басына тазалық жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің молдасы Саламат Сәлімұлының ұйымдастыруымен ауыл бейітінің аумағында сенбілік және тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі шара барысында бейіттің айналасы тазартылып, тазалық жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар бейіттің дарбазасы жаңартылды.

Аталған жұмыстарға ауыл жамағаты белсене атсалысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Дарбазаны жаңартуға жұмсалған қаражат көлемі 300 мың теңгені құрады. Осындай сауапты істер – өткенге құрмет көрсетіп, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық игі амалдардың бірі.

Алла Тағала осы іске атсалысқан барша азаматтардың ниеттерін қабыл етіп, еңбектеріне береке берсін! Өткен марқұмдардың жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа, қабірлері нұрлы болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: