Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде бесін намазы уақытында бас имам Ержан Көшкімбай жамағатқа уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында мұсылман адамның мінез-құлқы, көркем мінез бен жақсы қарым-қатынастың маңызы кеңінен түсіндірілді. Насихат кезінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірінен ғибратты мысалдар келтіріліп, Оның сабырлылығы, мейірімділігі, кешірімділігі және адамдарға деген ізгі қарым-қатынасы сөз болды.
Сондай-ақ жамағатқа күнделікті өмірде әдептілік танытып, өзгелерге құрметпен қарау, ашуды жеңе білу және жақсы сөз сөйлеудің маңыздылығы айтылды. Мұсылманның көркем мінезі оның иманы мен тәрбиесінің көрінісі екені жеткізілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

