Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында ислам құндылықтары мен қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің сабақтастығы сөз болды. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет таныту, ата-ананы қадірлеу, отбасы бірлігін сақтау және ұрпақ тәрбиесіне мән берудің маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар бас имам жамағатқа рухани білімді арттыру мақсатында «Дін мен дәстүр» кітаптарын таныстырып, оқуға ұсынды. Аталған еңбектердің ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және діни танымды кеңейтуге қосар үлесі атап өтілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

