Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен ислам құндылықтарының өзара сабақтастығы сөз болды. Сонымен қатар ұлттық тәрбиені дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-ананы қадірлеу және ұрпаққа өнегелі тәрбие берудің маңыздылығы түсіндірілді.
Бас имам жамағатты асыл дініміздің құндылықтарын ұлттық дәстүрлермен ұштастырып, ізгілік пен имандылықты өмірлік ұстаным етуге шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

