Қылышбай ауылдық мешітінің имамы Алихан Жайлаубаев жамағатқа «Той өткізудегі әдептілік» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында қазақ халқының той өткізу дәстүрі мен ислам дініндегі әдеп қағидаларының сабақтастығы түсіндірілді. Имам тойдың қуанышты бөлісуге, ағайынның басын қосып, татулықты нығайтуға арналған игі шара екенін атап өтті.
Сонымен қатар той барысында ысырапшылдыққа жол бермеу, даңғазалықтан аулақ болу, қарапайымдылықты сақтау және шариғат талаптарына сай әрекет ету қажеттігі айтылды. Жамағатқа тойды бәсекеге емес, берекеге негіздеп өткізудің маңызы түсіндірілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

