#Мойынқұм: «Құдайы ас – жарыс емес, сауап»

#Мойынқұм: «Құдайы ас – жарыс емес, сауап»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында пәтуа сағатын жүргізді.

Уағыз барысында құдайы ас берудің негізгі мақсаты мен мәні түсіндіріліп, марқұмға Құран бағыштау, дұға жасау және сауапты амалдарға басымдық беру керектігі айтылды. Сондай-ақ ысырапшылдыққа жол бермей, ас беруде қарапайымдылық пен шариғат талаптарын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тақырып аясында тағылымды ойлар ортаға салынды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: