Көкжелек ауылының имамы Мойынқұм аудандық мешітінің жамағатына арнайы пәтуа сағатын жүргізді.
Кездесу барысында дін мен дәстүр сабақтастығы, күнделікті өмірде жиі кездесетін діни мәселелер және шариғат талаптары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы айтылды.
Пәтуа сағаты жамағаттың діни білімін жетілдіріп, дұрыс діни түсінікті қалыптастыруға бағытталды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

