Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жұма намазынан соң, аудан бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа «Ас беру мәдениеті» жөнінде насихат айтты.
Кездесу барысында ас беру дәстүрінің шынайы мәніне тоқталып, оның бәсекелестік пен даңғазалыққа емес, сауапты амалға негізделуі керектігі түсіндірілді. Сонымен қатар ас беру кезінде отбасының жағдайын ескеріп, шама-шарқына қарай әрекет ету, орынсыз шығын мен ысырапшылдыққа жол бермеу қажеттігі айтылды.
Аудан бас имамы ҚМДБ-ның «Ас беру мәдениеті» құжатына тоқталып, ондағы ұстанымдарды ел арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығын жеткізді. Жамағатты ұлттық дәстүрдің тағылымды тұстарын сақтап, ас беру рәсімдерін қарапайымдылық пен ізгі ниет аясында өткізуге шақырды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

