Қордай: Нәзік жандылар арасында «Діни білім фестивалі» өтті

Қордай: Нәзік жандылар арасында «Діни білім фестивалі» өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде әйел-қыздар ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен нәзік жандыларға арналған «Діни білім фестивалі» басталды. Фестивальдің негізгі мақсаты – қыз-келіншектердің діни сауаттылығын арттыру, ислам діні туралы білімдерін тереңдету және рухани танымын кеңейту.

Шара аясында қатысушылар ислам дінінің түрлі тақырыптары бойынша білімдерін жетілдіріп, діни сұрақтарға жауап алу арқылы сауаттарын шыңдайды. Аталған бастама жамағаттың діни білімін арттырып, рухани дамуына ықпал етуді көздейді.

Алдағы уақытта «Діни білім фестивалін» тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр. Бұл игі бастама нәзік жандылардың діни білімін жетілдіруге және ізгілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Алла Тағала игі бастамаға береке беріп, пайдалы білім алуға және алған білімді өмірде амал етуге нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: