Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрім» мешітінің имамы Төлеуғазы Асхатұлы жамағатқа «ЛГБТ – болашақ ұрпақтың тамырын қиған пышақ» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында шариғатта бір жынысты некенің құпталмайтыны, оның арам екені жайлы, ислам дінінің отбасы және неке туралы ұстанымдары, ұлттық құндылықтарды сақтау және өскелең ұрпақтың тәрбиесі сөз болды. Имам дәстүрлі отбасы институтын нығайтудың, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараудың және жастарға дұрыс бағыт-бағдар берудің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, қазіргі ақпараттық кеңістіктегі түрлі ықпалдарға сын көзбен қарап, жас ұрпақтың бойына имандылық, әдептілік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіру қажеттігі айтылды. Ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөліп, отбасылық және рухани құндылықтарды дәріптеу керектігі түсіндірілді.
Насихаттың мақсаты – дәстүрлі отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікті арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

