Гранитогорск ауылындағы «Ас-Сами» мешітінде жамағатқа «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылып, ас беру әдебі мен ысырапшылдықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Насихат барысында құдайы ас берудің діни мәні мен тәрбиелік маңызы түсіндіріліп, ас беру рәсімінде қарапайымдылықты сақтау, шектен тыс шығынға жол бермеу және бәсекелестікке ұрынбау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, той-томалақ кезіндегі әдеп нормалары мен ұлттық дәстүрді ұстанудың маңыздылығы жеткізілді.
Жиынның негізгі мақсаты – дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, халық арасында ысырапшылдыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыру және ас беру рәсімдерінің шариғат талаптары мен ұлттық құндылықтарға сай өткізілуіне ықпал ету.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

