Тәтті ауылында қайырымдылық шарасы аясында бір отбасының үйіне жаңа терезелер орнатылды.
Игі іске атсалысқан азаматтар отбасының тұрмыс жағдайын жақсартуға қолдау көрсетіп, сауапты іске үлес қосты. Мұндай қайырымды істер мұқтаж жандарға демеу болып, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттырады.
Алла Тағала осы іске себепші болған азаматтардың ниетін қабыл етіп, еңбектеріне береке берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

