Қазақдихан ауылы «Әкімжан ата» мешітінің имамы Ұшақбаев Ержанның бастамасымен мешіт аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында мешіт ауласындағы орындықтар сырланып, айналаны көркейтуге көңіл бөлінді. Аталған жұмыстар мешіт ауласын күтіп ұстауға және оның көркін арттыруға бағытталды.
Алла Тағала игі іске үлес қосқан азаматтардың еңбегіне береке берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

