Меркі ауданындағы мешіттер тарапынан қайырымдылық жасалып, мұқтаж отбасыларға құрбандық еті таратылды.
Тәтті ауылдық мешітінен бір ірі қара малдың еті 12 отбасыға үлестірілді. «Меркі ата» мешітінің атынан бір қойдың еті 3 отбасыға және «Шәкір ата» мешітінен тағы 3 отбасыға құрбандық еті таратылды.
Мұндай игі істер мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, адамдарды мейірімділік пен жанашырлыққа үндейді. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Жақсылық әрі тақуалық жолында бір-біріңе жәрдемдесіңдер», – деп бұйырады.
Сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір мұсылманның қиыншылығын жеңілдетсе, Алла оның Қиямет күніндегі қиыншылықтарының бірін жеңілдетеді», – деген
Осы хадисте айтылғандай, мұқтаж жандарға көмек көрсету – сауапты іс. Алла Тағала қайырымдылыққа үлес қосқан азаматтардың ниетін қабыл етіп, отбасыларына амандық пен береке берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

