Меркі: Тәтті ауылдық мешітінде ас беру мәдениеті түсіндірілді

Меркі: Тәтті ауылдық мешітінде ас беру мәдениеті түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәтті ауылдық мешітінің имамы Абдуманап Дулат  мешіт асханасына жиналған көпшілікке «Ас беру мәдениеті: құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында ас берудің мәні мен маңызы түсіндіріліп, дастарқан жаюда ысырапқа жол бермеу, шамадан тыс бәсекеге түспеу және қарапайымдылықты сақтау қажеттігі айтылды. Құдайы астың мақсаты – марқұмдарға дұға бағыштап, елдің бірлігін нығайту және сауапты амал жасау екені жеткізілді.

Жиын соңында жамағатты ас беру кезінде дініміз бен дәстүрімізге сай әрекет етуге, ысыраптан сақтанып, ізгі ниетті басты орынға қоюға шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: