Меркі: «Қарабала Төре» мешітінен 12 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді

Меркі: «Қарабала Төре» мешітінен 12 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қарабала Төре» мешітінің имамы Қасымалиев Батырбектің ұйытқы болуымен және кәсіпкер жандардың қолдауымен қайырымдылық шарасы өтіп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін 12 отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Игі шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы өзара жанашырлық пен мейірімділікті нығайту. Мұндай қайырымды істер мешіттің рухани-ағартушылық қызметімен қатар, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты арттыруға да үлес қосады.

Алла Тағала қайырымдылыққа үлес қосқан азаматтардың сауапты амалдарын қабыл етіп, ризық-несібелеріне береке берсін! Мұқтаж отбасыларға жеңілдік пен молшылық нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: