Тараз қаласындағы «Әл-Әділ» мешітінің қыздар жамағаты құлшылық ордасының ауласы мен ішкі бөлігінде ауқымды тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.
Игі іске бір кісідей жұмылған нәзік жандылар мешіттің тазалығы мен тәртібін ретке келтіріп, сауапты бастамаға өз үлестерін қосты. Өйткені тазалық пен ұқыптылық — әрбір мұсылманның көркем мінезі мен шынайы имандылығының басты белгісі.
Мұндай сауапты шаралар мешіт тынысының жайлы әрі тап-тұйнақтай сақталуына септігін тигізіп қана қоймай, жамағат арасындағы ауызбіршілікті, татулық пен өзара бауырмалдықты да арттыра түспек.
Құлшылық үйінің тазалығына атсалысып, игілікке үлес қосқан барша қыз-келіншектердің ізгі ниеттері қабыл болып, еңбектеріне береке жаусын!
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

