Қордай: Мейрамхана мен кафе әкімшілігіне ҚМДБ-ның «Ас беру мәдениеті» құжаты таратылды

Қордай: Мейрамхана мен кафе әкімшілігіне ҚМДБ-ның «Ас беру мәдениеті» құжаты таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында ас беру мәдениетін қалыптастыру және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бірқатар игі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы бағытта аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Әнебеков Жанұзақ пен аудандық «Асабалар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құттықов Еркінбек мейрамхана мен кафе әкімшіліктеріне арнайы барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) «Ас беру мәдениеті» құжатын таратты.

Кездесу барысында мекеме әкімшіліктеріне аталған құжаттың негізгі мазмұны түсіндіріліп, ас беру рәсімдерін шариғат талаптарына және ұлттық дәстүрлерімізге сай ұйымдастырудың маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, орынсыз бәсекеден аулақ болу, қарапайымдылық пен үнемшілдікті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дін өкілдері мен қоғамдық бірлестік төрағасы ас берудің негізгі мақсаты – марқұмдарды еске алып, оларға дұға бағыштау, ағайын-туыстың басын қосып, ел ішіндегі бірлік пен татулықты нығайту екенін жеткізді. Сонымен қатар мейрамхана мен кафе әкімшіліктеріне ас беру рәсімдерін ұйымдастыру барысында аталған құжаттағы ұсыныстарды басшылыққа алып, халыққа түсіндіру жұмыстарын бірлесе жүргізудің маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай игі бастамалар қоғамда ас беру мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және халықтың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: