Қордай: «Ас беру мәдениеті» құжаты бойынша ақпараттық бейнеролик түсіріліп, таратылды

Қордай: «Ас беру мәдениеті» құжаты бойынша ақпараттық бейнеролик түсіріліп, таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) «Ас беру мәдениеті» құжатын халық арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта аталған құжаттың негізгі мазмұнын қамтитын тақырыптық бейнеролик түсіріліп, көпшілік назарына ұсынылды.

Видеоматериалдың мақсаты – ас беру дәстүрінің мән-маңызын түсіндіру, халық арасында дұрыс түсінік қалыптастыру және орынсыз ысырапшылдықтың алдын алу. Бейнероликте ас беру рәсімдерін шариғат талаптарына сай өткізу, қарапайымдылық пен үнемшілдікті сақтау, даңғазалық пен орынсыз бәсекеге жол бермеу мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар марқұмдарды еске алып, дұға бағыштаудың маңыздылығы және ас беру кезінде ағайын арасындағы бірлік пен татулықты нығайту қажеттігі түсіндірілді.

Дайындалған бейнеролик әлеуметтік желілер арқылы таратылып, тұрғындарға пайдалы ақпарат ұсынуға бағытталды. Мұндай визуалды материалдар діни құндылықтарды насихаттап қана қоймай, ұлттық дәстүрлеріміздің мазмұнын дұрыс түсінуге және қоғамда үнемшілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: