ЖАМБЫЛ: БӘЙДІБЕК МЕШІТІНДЕ АҚСАҚАЛДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАМБЫЛ: БӘЙДІБЕК МЕШІТІНДЕ АҚСАҚАЛДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық орталық Бәйдібек мешітінің асханасында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мешіт ақсақалдарына арнап арнайы дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді. Ізгі шараның басты мақсаты – елдің бірлігі мен берекесін сақтауға үлес қосып жүрген қарияларға деген құрметті арттырып, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету болды.

Жиын барысында ақсақалдарға ақжарма тілектер айтылып, олардың қоғамдағы орны мен ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеудегі рөлі ерекше атап өтілді. Мешіт ұжымы қарияларға ізет білдіру – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі әрі ислам дінінде де айрықша маңызға ие ізгі амалдардың бірі екенін жеткізді. Ақ дастарқан басында бас қосқан ақсақалдар өзара пікір алмасып, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығына, сондай-ақ ұрпақ тәрбиесі мен қоғамның бірлігіне қатысты ойларын ортаға салды. Шара барысында үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру және қариялардың батасын алу секілді тағылымды дәстүрлердің маңызы насихатталды.

Ізгілікке толы кездесу ақсақалдардың көңілін көтеріп, олардың батасымен түйінделіп, мешіт жамағаты арасындағы бауырмалдық пен сыйластықты нығайтуға септігін тигізді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: