ЖАМБЫЛ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

ЖАМБЫЛ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылындағы Айша бибі мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев келген жамағатқа отбасы құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру мақсатында тағылымды уағыз-насихат жүргізді.

Кездесу барысында имам отбасының қоғамның негізгі тірегі әрі ұрпақ тәрбиесінің алтын бесігі екенін атап өтіп, шаңырақтың берекесі мен ынтымағы әрбір отбасы мүшесінің өзара сыйластығы мен жауапкершілігіне байланысты екенін жеткізді. Сонымен қатар, ислам дінінде ата-анаға құрмет көрсету, ерлі-зайыптылардың бір-біріне ізет танытуы және балаларға дұрыс тәрбие беру мәселелеріне ерекше мән берілетіні кеңінен түсіндірілді. Қатарбай Таджибаев отбасындағы татулық пен түсіністікті сақтаудың маңызды жолы сабырлылық, кешірімділік және өзара құрмет екенін айтып, қандай жағдайда да жақын жандардың көңіліне қаяу түсірмей, мәселелерді ақылмен шешуге шақырды.

Уағыз барысында бала тәрбиесіне де айрықша назар аударылып, ата-ананың жеке өнегесі мен күнделікті іс-әрекеті өскелең ұрпақтың мінез-құлқы мен дүниетанымының қалыптасуына тікелей ықпал ететіні айтылды.

Сондай-ақ, қазіргі қоғамда отбасы институтын нығайту, жастарды отбасылық өмірге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және ұлттық салт-дәстүрлер мен ислам құндылықтарын ұштастыра білу қажеттігі сөз болды.

Жамағатқа отбасы мүшелері арасындағы мейірімділік пен жанашырлықты арттырып, шаңырақтағы береке мен тыныштықты сақтау әрбір мұсылманның маңызды міндеттерінің бірі екені насихатталды.

Тағылымды кездесудің қорытындысында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу және қоғамда өзара сыйластықты нығайту бағытындағы рухани насихаттың маңыздылығы атап өтілді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: