ЖАМБЫЛ: ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінде жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, шариғи мәселелер бойынша дұрыс түсінік қалыптастыру және мұсылмандық міндеттерді тереңірек ұғындыру мақсатында «Пәтуа сағаты» атты рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Аталған шараға Тараз қаласындағы "Әли ата" мешітінің азаншысы Мамырханов Шалхар арнайы қатысып, жиналған жамағатқа шариғат үкімдері мен күнделікті өмірде жиі кездесетін діни мәселелер жөнінде кеңінен түсіндірме берді. Кездесу барысында ислам дініндегі пәтуаның маңызы, оның мұсылман өміріндегі орны және діни мәселелерге қатысты жауапкершілікпен шешім қабылдаудың қажеттілігі сөз болды.

Сонымен қатар, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға Құран аяттары мен пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне негізделген жауаптар беріліп, шариғи мәселелерді сенімді діни дереккөздер арқылы зерделеудің маңыздылығы атап өтілді. Шалхар Мамырханов діни үкімдерді түсіну барысында асығыстыққа жол бермей, әрбір мәселеге байыппен қарап, білікті дін мамандарының кеңесіне жүгінудің артықшылығына тоқталды.

Тағылымды жүздесу барысында жамағат өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, діни білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды. Рухани шараның негізгі мақсаты орындалып, осындай кездесулердің қоғамдағы діни сауаттылықты нығайтуға, мұсылмандық құндылықтарды дәріптеуге және жамағат арасында дұрыс діни түсінік қалыптастыруға қосар үлесі зор екені айқындалды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: