ЖАМБЫЛ: ЫСЫРАПҚА ЖОЛ ЖОҚ

ЖАМБЫЛ: ЫСЫРАПҚА ЖОЛ ЖОҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылы, Бейсеу ата мешітінің имамы Ермуханбет Берсүгір мешітке келген жамағатқа «Ысырапқа жол жоқ» тақырыбында тағылымды үгіт-насихат жүргізді.

Имам өз сөзінде Ислам дінінде ысырапшылдықтың құпталмайтынын айтып, әрбір мұсылманды қолындағы нығметтің қадірін білуге шақырды. Уағыз барысында адамның дүние-мүлікке жауапкершілікпен қарап, ішіп-жемде, киім-кешекте және күнделікті тұрмыста шектен шықпау қажеттігі кеңінен түсіндірілді.

Ермуханбет Берсүгір ысыраптың жеке адамға ғана емес, отбасы мен қоғамға да кері әсерін тигізетінін атап өтіп, үнемшілдік пен қанағатшылдықтың маңызын жеткізді.

Сонымен қатар, дастархан басында тағамды шамадан тыс әзірлеп, артылған асты қадірлемей тастау секілді әрекеттерден аулақ болудың тәрбиелік мәніне тоқталды.

Имам жамағатқа Алланың берген әрбір нығметін бағалап, баршылықта мұқтаж жандарды ескерудің сауапты амал екендігін түсіндірді.

Қарапайымдылық пен қанағатты өмір салтының берекеге бастайтынын айтқан ұстаз жамағатты орынсыз шығыннан сақтанып, қаражатын пайдалы әрі игі істерге жұмсауға үндеді.

Жиын барысында ысыраптың алдын алу отбасы тәрбиесінен басталатыны айтылып, ата-аналардың балаға үнемшілдік пен жауапкершілік қасиеттерін ерте жастан қалыптастыруы қажеттігі сөз болды.

Тағылымды насихат соңында жамағатты ысырапқа жол бермей, нығметті қадірлеуге, қанағат пен шүкіршілікті өмірлік ұстаным етуге шақырған имамның өнегелі ойлары көпшілікке ой салды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: