ЖАМБЫЛ: АРЫНҒАЗЫ МЕШІТІНДЕ АҚИДА ДӘРІСІ ЖАЛҒАСУДА

ЖАМБЫЛ: АРЫНҒАЗЫ МЕШІТІНДЕ АҚИДА ДӘРІСІ ЖАЛҒАСУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гродиково ауылындағы Арынғазы мешітінің ұстазы Малик Унгаров мешіт жамағатына ақида сабағы аясында иман негіздерінің маңызын түсіндіріп, «Ихсан – тәрбие құралы» тақырыбында тағылымды дәріс өткізді. Сабақ барысында ихсан ұғымының ислам дініндегі орны мен рухани тәрбие қалыптастырудағы маңызы кеңінен баяндалып, оның мұсылманның күнделікті өмірімен тығыз байланысты екені атап өтілді.

Ұстаз ихсанның мәні – адамның әрбір ісін Алла Тағаланың разылығын көздеп орындауы және барлық әрекетіне жауапкершілікпен қарауы екенін түсіндірді. Сонымен қатар ихсанның адам бойындағы көркем мінезді қалыптастырып, жүректі ізгілікке тәрбиелеуге, нәпсіні тізгіндеуге және жаман қасиеттерден арылуға ықпал ететіні айтылды.

Дәріс барысында иман, ислам және ихсан ұғымдарының өзара байланысы түсіндіріліп, олардың мұсылманның рухани кемелдену жолындағы орнына ерекше назар аударылды. Малик Унгаров жамағатқа шынайылық, сабырлылық, кішіпейілділік пен адалдық секілді ізгі қасиеттерді бойға сіңірудің адам тәрбиесіндегі маңызын жеткізді.

Сондай-ақ әрбір мұсылманның адамдармен қарым-қатынаста әділдік танытып, өз міндеттерін адал орындауы және айналасына мейіріммен қарауы ихсанның көрінісі екені түсіндірілді. Ұстаз рухани тәрбиенің тек сөзбен шектелмей, күнделікті амал-әрекеттен көрініс табуы қажеттігін айтып, жамағатты жақсы мінез бен ізгі амалдарды өмірлік ұстанымға айналдыруға шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар тақырыптың мән-маңызын тереңірек түсініп, діни білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды. Тағылымды сабақ соңында ихсан қағидаларын өмірде ұстану адамның иманын нығайтып, көркем мінезін жетілдіруге және қоғамдағы татулық пен сыйластықты арттыруға ықпал ететіні қорытындыланды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: