Аудандық орталық Бәйдібек мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешітке келген жамағатқа діни сауаттылықты арттыру және шариғи мәселелер бойынша түсінік беру мақсатында «Пәтуа сағатын» өткізді. Кездесу барысында ислам дініндегі күнделікті өмірге қатысты өзекті мәселелер талқыланып, шариғат талаптарын дұрыс түсіну мен діни үкімдерді сауатты меңгерудің маңыздылығы түсіндірілді. Бас имам жамағатқа діни сұрақтарға жауап іздеген кезде сенімді дереккөздерге сүйеніп, білікті дін мамандарының кеңесіне жүгіну қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар пәтуаның мұсылман өміріндегі орны мен маңызы түсіндіріліп, діни мәселелерде асығыс шешім қабылдамай, Құран мен сүннетке негізделген білімді басшылыққа алудың маңыздылығы айтылды. Жиын барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат талаптарына сай жауаптар беріліп, қатысушыларға қажетті түсіндірмелер ұсынылды. Мұндай тағылымды кездесулердің қоғамдағы діни сауаттылықты арттыруға, қате түсініктердің алдын алуға және дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс насихаттауға қосар үлесі зор екені атап өтілді.
Іс-шара соңында Даурен Куттыбаев жамағатты діни білімдерін үнемі жетілдіруге, алған білімдерін күнделікті өмірде дұрыс қолдануға және дін мәселелерінде байыптылық пен жауапкершілікті ұстануға шақырды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

