ЖАМБЫЛ: ДІН МЕН ДӘСТҮР ЕГІЗ ҰҒЫМ

ЖАМБЫЛ: ДІН МЕН ДӘСТҮР ЕГІЗ ҰҒЫМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жасөркен ауылындағы Тұрыс мешітінің имамы Бауыржан Досмухамбетов келген жамағатқа «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтып, рухани құндылықтар мен ұлттық тәрбиенің өзара сабақтастығына тоқталды.

Уағыз барысында ислам дінінің халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерімен үйлесімді байланысы түсіндіріліп, олардың адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы маңызы кеңінен баяндалды. Имам ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет көрсету, кішіге қамқорлық таныту және туыстық байланысты нығайту секілді ұлттық құндылықтардың ислам дінінде де ерекше дәріптелетінін атап өтті.

Сонымен қатар қонақжайлық, қайырымдылық, сабырлылық пен ізеттілік сияқты халқымызға тән асыл қасиеттердің ұрпақ тәрбиесіндегі орнына ерекше назар аударылды. Бауыржан Досмухамбетов дәстүрді дәріптеу барысында шариғат талаптарына қайшы келмейтін ізгі әдет-ғұрыптарды сақтап, оларды кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде жеткізудің маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ жастарды ұлттық мұраға құрметпен қарауға, ата-бабадан қалған тағылымды дәстүрлерді бойына сіңіруге және діни сауаттылығын арттыруға шақырды.

Кездесу барысында дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтып, отбасылық құндылықтардың сақталуына ықпал ететіні айтылды. Тағылымды уағыз соңында жамағатты имандылықты ту етіп, ұлттық тәрбиені дәріптеуге және ізгі қасиеттерді күнделікті өмірде ұстануға шақырды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: