ЖАМБЫЛ: АРАҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМҒА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР

ЖАМБЫЛ: АРАҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМҒА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса ауылындағы Домалақ ана мешітінің имамы Расылхан Сыбанбай жиналған жамағатқа «Арақ және қоғамға зиянды заттар» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтып, зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін кері әсерлерін түсіндірді.

Уағыз барысында арақ-шарап пен қоғамға зиян келтіретін өзге де заттардың адам денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасқа және қоғамдық тұрақтылыққа тигізетін зардаптары кеңінен баяндалды. Имам ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығын сақтау маңызды міндеттердің бірі саналатынын атап өтіп, мұсылман баласын өзіне де, өзгелерге де зиян келтіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар зиянды әдеттердің салдарынан отбасында түсініспеушіліктер туындап, бала тәрбиесіне кері әсер етіп, жақын адамдар арасындағы сыйластықтың әлсіреуі мүмкін екені түсіндірілді.

Расылхан Сыбанбай жастарды бос уақытын пайдалы істерге арнауға, рухани білімін жетілдіруге және салауатты өмір салтын ұстануға үндеді. Сондай-ақ қоғамда зиянды әдеттердің алдын алуда ата-ананың тәрбиесі, отбасы мүшелерінің өзара қолдауы мен қоршаған ортаның оң ықпалы ерекше маңызға ие екені айтылды. Имам жамағатқа қиындықтарға тап болған жандарға түсіністікпен қарап, оларды айыптаудан гөрі дұрыс жолға бағыттап, қажетті қолдау көрсету керектігін жеткізді.

Кездесу барысында ізгі амалдарды көбейту, имандылықты нығайту және қоғамның тыныштығы мен отбасының берекесін сақтауға үлес қосу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тағылымды уағыз соңында жамағатты зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ұрпақтың жарқын болашағы үшін жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: