ЖАМБЫЛ: МОЛДА ЖАМАҒАТТЫ ЖАҚСЫЛЫҚҚА ҮНДЕДІ

ЖАМБЫЛ: МОЛДА ЖАМАҒАТТЫ ЖАҚСЫЛЫҚҚА ҮНДЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірлесу-Еңбек ауылындағы Бірлесу-Еңбек мешітінің молдасы Сакен Джолдасбаев келген жамағатқа "Ихсан - шынайылық" және "Ата-ана ақысы" тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтып, ислам дініндегі ата-ананы құрметтеудің маңыздылығына тоқталды. Уағыз барысында ата-ананың бала өміріндегі орны мен олардың перзент тәрбиелеу жолында төгетін маңдай тері, көрсететін мейірімі мен жасаған қамқорлығы кеңінен түсіндірілді.

Молда ата-ананы құрметтеу, олардың көңілін қалдырмау және айтқан орынды кеңестеріне құлақ асу мұсылманның маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар Құран аяттары мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерінде ата-анаға жақсылық жасаудың ерекше дәріптелетіні айтылып, бұл міндеттің адамгершілік пен имандылықтың негізгі көрінісі екені жеткізілді. Сакен Джолдасбаев ата-ананың разылығын алуға ұмтылу, оларға жылы сөз айтып, күнделікті тіршілікте қолдау көрсету және қартайған шағында қамқорлық таныту перзенттік борыштың ажырамас бөлігі екенін түсіндірді. Сондай-ақ ата-анасы дүниеден өткен жандар үшін дұға жасау, олардың жақындарына құрмет көрсету және артында қалған ізгі істерін жалғастырудың да сауапты амалдар қатарына жататыны баяндалды. Кездесу барысында жамағатқа отбасы ішіндегі сыйластықты нығайту, ұрпақ тәрбиесінде үлкендердің өнегесін үлгі ету және ата-анаға деген құрметті күнделікті өмірде іс жүзінде көрсету қажеттігі насихатталды. Молда ата-ананың батасы мен ризашылығы отбасындағы береке мен тыныштықтың артуына ықпал ететінін айтып, әрбір адамды өзіне өмір сыйлаған жандардың қадірін білуге шақырды.

Тағылымды уағыз соңында жамағатқа ата-ананы ардақтау, оларға ізет көрсету және перзенттік міндетті адал атқару әрбір мұсылманның өмірлік ұстанымына айналуы керектігі жөнінде өнегелі ойлар айтылды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: