Тараз қаласындағы «Танта баба» мешітінде қайырымдылық пен бауырмалдықты дәріптеуге бағытталған игі шара ұйымдастырылды. Шара аясында 150 адамға тегін палау таратылып, жамағат пен тұрғындарға дастарқан жайылды.
Аталған бастама адамдар арасындағы өзара сыйластықты арттырып, қоғамда мейірімділік пен жомарттық құндылықтарын насихаттауды мақсат етеді. Осындай қайырымдылық шаралары жамағаттың бірлігін нығайтып, адамдарды игі істерге жұмылдырады.
Ислам дінінде мұқтаж жандарға қолдау көрсету, адамдарға ас ұсыну және жақсылық жасау ерекше бағаланады. Көпшілікке ас беру – адамдар арасындағы бауырмалдықты арттырып, татулық пен ынтымақты нығайтатын ізгі амалдардың бірі.
«Танта баба» мешітінде өткен бұл шара тұрғындар арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы ізгілік құндылықтарын дәріптеуге үлес қосты.
Алла Тағала осы игі іске атсалысқан азаматтардың қайырлы амалдарын қабыл етіп, ризық-несібелеріне береке берсін!


21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

