«Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят Алмаханов жамағатқа «Әлеуметтік желіні қолдану тәртібі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану, ақпарат таратудағы жауапкершілік, желідегі әдеп пен адамгершілік құндылықтарды сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
«Әлеуметтік желідегі мәдениет – адамның ішкі мәдениетінің көрінісі. Ақпаратты тексеру – жауапкершілік, көркем сөйлеу – әдеп, өзгенің абыройын сақтау – адамгершілік, уақытты бағалау – парасат, ал әлеуметтік желіні игілікке пайдалану – саналы азаматтың белгісі», – деді имам.
Уағыз соңында жамағатқа әлеуметтік желіні ізгілік пен пайдалы ақпарат таратуға пайдаланып, әрбір сөз бен әрекетке жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы насихатталды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

