Шу ауданындағы «Баласағұн» мешітінің молдасы Байұзақ Жаманкиев жамағатқа «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Насихат барысында қазақ халқының тәлім-тәрбиесінде ерекше орын алатын үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық таныту, ата-ананы ардақтау және адамдар арасындағы сыйластықты сақтау мәселелері сөз болды.
Молда өз сөзінде үлкенге құрмет көрсету мен кішіге ізет білдірудің адамгершіліктің асыл көрінісі екенін атап өтіп, бұл қасиеттердің Ислам дінінде де маңызды орын алатынын түсіндірді. Сондай-ақ жамағатты өзара мейірімділік танытып, ізгі қарым-қатынас орнатуға шақырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

