Шу аудандық «Жәми» мешітінің ұстазы Қарабай Нарын жамағатқа «Құдайы ас жарыс емес, сауап» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында ұстаз құдайы астың мәні мен маңызына тоқталып, марқұмдарға Құран бағыштап, дұға жасау мен сауапты істердің қадірін түсіндірді. Сондай-ақ ас беруде ысырапшылдыққа жол бермей, қарапайымдылық пен шынайы ниетті басшылыққа алудың маңыздылығын атап өтті.
Ұстаз өз сөзінде тойдың да тәрбиенің ордасы екенін тілге тиек етіп, мұндай жиындардың тек дастарқанмен шектелмей, ізгілікке, бірлікке және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қызмет етуі керектігін жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

