Тараз қаласында лудомания тақырыбында пәтуа сағаты өтті

Тараз қаласында лудомания тақырыбында пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде Тараз қаласының Бас имамы Ержан Аманбаевтың қатысуымен лудомания тақырыбына арналған пәтуа сағаты өтті.

Іс-шара барысында құмар ойындарға тәуелділіктің адам өміріне, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері талқыланды. Сонымен қатар, ислам дініндегі құмар ойындардың үкімі түсіндіріліп, мұндай зиянды әдеттерден сақтанудың маңыздылығы айтылды.

Бас имам құмар ойындардың адамды материалдық шығынға, рухани күйзеліске және отбасылық қиындықтарға алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ жамағатты адал еңбек етуге, уақытты тиімді пайдалануға және діни құндылықтарды берік ұстануға шақырды.

Пәтуа сағатының негізгі мақсаты — қоғамда лудоманияның алдын алу, діни сауаттылықты арттыру және жамағатқа құмар ойындардың шариғаттағы үкімін түсіндіру.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: