Шу аудандық «Жәми» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі бастама аясында жәрмеңке өткізіліп, одан түскен қаражат 7 жастағы бүлдіршіннің еміне көмек ретінде табысталды.
Жақсылыққа ұйысқан жамағаттың бұл бастамасы – қайырымдылықтың ізгілікке бастайтын жол екенін көрсетті. Өйткені бір балаға қол ұшын созу – бір отбасының үмітіне демеу болу.
Алла Тағала игі іске үлес қосқан барша жанның қайырлы амалдарын қабыл етіп, бүлдіршінге шипасын нәсіп етсін!
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

