Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторында ұстаз Ғалия Байториеваның ұйымдастыруымен «Заң мен дін үйлесімі» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Іс-шараның мақсаты – дін мен заңның өзара байланысын түсіндіру, қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және діни құндылықтарды заң талаптарымен сабақтастыра отырып насихаттау.
Сабақ барысында заң талаптарын сақтау, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік, діни сауаттылықтың маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатысушылар тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Шу аудындық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

