«Бірлікүстем» мешітінің имамы Жетпісбай Алимбеков жамағатқа «Қазақ мәдениеті – рухани тұтастықтың негізі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері, ұлттық құндылықтары мен рухани мұрасының маңызы сөз болды. Имам ұлттық мәдениеттің ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне тоқталып, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, ата-ананы қадірлеу, бірлік пен ынтымақты сақтау секілді асыл қасиеттердің дінімізбен де үндесетінін түсіндірді.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жас ұрпақтың бойына имандылық пен адамгершілік қасиеттерді сіңірудің маңыздылығы айтылды.
Тағылымды уағыздың түйіні – ұлттық мәдениет пен рухани мұраны сақтау, оны келер ұрпаққа аманат ету әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

