Талас: Жат діни ағымдардың алдын алу мәселесі талқыланды

Талас: Жат діни ағымдардың алдын алу мәселесі талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданында жат діни ағымдардың алдын алу мәселесі талқыланды. Талас ауданында имамдарға жат діни ағымдардың алдын алу және олармен күресу жолдары тақырыбында арнайы баяндама жасалды.

Баяндаманы ауданның деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытына жауапты маманы Ахат Қайыпбергенұлы жүргізді. Кездесу барысында жат діни ағымдардың ерекшеліктері, олардың алдын алу жолдары және жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу мәселелері кеңінен қамтылды.

Сонымен қатар діни сауаттылықты арттыру, күмәнді діни көзқарастардың таралуына жол бермеу және теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Мазмұнды баяндама барысында имамдарға маңызды мәліметтер беріліп, діни тұрақтылықты сақтау мен халыққа дұрыс бағыт-бағдар көрсетудің маңыздылығы атап өтілді.

Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: