Талас ауданында пәтуа сағаты өтті

Талас ауданында пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Талас ауданында аудан имамдарының қатысуымен пәтуа сағаты өтті. Шараны ауданның наиб имамы Асқарбек Серікұлы жүргізді. Пәтуа сағаты барысында діни сауалдарға жауап берудің маңыздылығы айтылып, халыққа шариғат талаптарына сай дұрыс әрі нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері сөз болды.

Асқарбек Серікұлы имамдарға ел ішінен келіп түсетін діни сұрақтарға ұқыптылықпен, тиянақтылықпен қарап, әрбір мәселеге шариғат шеңберінде жауап берудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ діни мәселелерде жауапкершілік танытып, халыққа дұрыс бағыт-бағдар берудің қажеттілігіне тоқталды. Пәтуа сағатының негізгі мақсаты – имамдардың діни білімін жетілдіру және халыққа көрсетілетін діни қызметтің сапасын арттыру болып табылады.

Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: