Талас ауданында аудан имамдарының кезекті жиыны өтті. Басқосуды ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы ұйымдастырды. Жиында аудан көлемінде атқарылып жатқан діни жұмыстардың барысы сараланып, мешіттердің қызметі мен діни-ағартушылық бағыттағы іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар имамдардың алдағы міндеттері пысықталып, халық арасында рухани құндылықтарды насихаттау, жастар тәрбиесіне көңіл бөлу және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту мәселелері сөз болды.
Ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы имамдардың жауапкершілігіне тоқталып, жамағатпен тығыз байланыс орнату мен діни қызметті жүйелі жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Жиын соңында діни саладағы жұмыстарды жандандыру және алға қойылған міндеттерді бірлесе жүзеге асыру бағытында пікірлер айтылып, талқыланды.
Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

