Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылындағы Әбілхан қажы мешітінің имамы ауыл жастарына арнайы түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында жастарға деструктивті діни ағымдардың зияны мен олардың ықпалынан сақтанудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар діни сауаттылықты арттыру, күмәнді діни ақпараттарға сенбеу және теріс ағымдардың жетегінде кетпеудің жолдары айтылды.
Мешіт имамы діни білімді сенімді әрі білікті имамдар мен ұстаздардан алудың маңыздылығына тоқталып, жастарды кез келген діни ақпаратқа сын көзбен қарауға шақырды. Діни сауаттылық – жат ағымдардан сақтанудың маңызды жолы. Сондықтан өскелең ұрпақтың дұрыс діни білім алып, рухани тәрбиеге мән беруі – қоғам үшін маңызды міндет.
"Әбілхан қажы" мешіті баспасөз қызметі.


21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

