Талас: Тамды ауылында ұлттық спорт дәріптелді

Талас: Тамды ауылында ұлттық спорт дәріптелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданына қарасты Тамды ауылындағы спорт кешенінде жас палуандардың қатысуымен «Спорт – денсаулық кепілі» атты іс-шара өтті. Шара барысында ауыл жастары қазақ күресімен айналысып, ұлттық спорттың маңыздылығын дәріптеді.

Жас палуандар өзара белдесіп, күш-жігері мен шеберліктерін ортаға салды. Іс-шара соңында Тәңкібай ата мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлы жас спортшыларға насихат айтып, асыл дініміз бен ұлттық құндылықтарымыздың өзара сабақтастығына тоқталды. Сонымен қатар жастарды ұлттық мұраны құрметтеуге, имандылыққа, адамгершілікке және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Ұлттық спорт – ұрпаққа аманат болған асыл мұра, ал рухани тәрбие – ел болашағының берік негізі. Осы бағыттағы тағылымды шаралар жастардың бойында ұлттық сана мен рухани құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

"Тәңкібай ата" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: