Талас: Қасқабұлақ ауылында мешіт тазалығы ұйымдастырылды

Талас: Қасқабұлақ ауылында мешіт тазалығы ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қасқабұлақ ауылындағы Әбілхан қажы мешітінің имамы Асанов Хеурза ауыл тұрғындарын игі іске жұмылдырып, мешіт аумағын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында ауыл тұрғындары мешіттің ішін мұқият тазалап, шаңдарын сүртті. Сонымен қатар мешіт ауласындағы өсіп кеткен шөптер шабылып, шашылған қоқыстар толықтай тазартылды.

Бұл игі бастама — мешіт тазалығын сақтауға, қоршаған ортаны күтіп ұстауға және ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға бағытталған сауапты іс. Алла Тағала барша игі іске атсалысқан ауыл тұрғындарының еңбектеріне береке беріп, жасаған қайырлы істерін қабыл етсін!

Әбілхан қажы мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: