Сәду Шәкіров ауылында діни кітаптар таныстырылып, тағылымды насихат айтылды. Сәду Шәкіров ауылының имамы Оспанов Бақдәулет ауыл кітапханасының ауласында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, ҚМДБ арнайы рұқсат берген діни кітаптарды таныстырды.
Бұл жолығуда Бақдәулет имам діни әдебиеттердің мазмұнына тоқталып, білімнің адам өміріндегі маңызы мен артықшылығы туралы тағылымды насихат айтты. Сондай-ақ білімді адамның қоғамдағы орны, ізденістің пайдасы және пайдалы білім алудың маңыздылығы жөнінде ой бөлісті. «Білім — таусылмас қазына, рухани кемелдікке бастар жол».
Адамның білімге ұмтылуы оның дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, жақсы мен жаманды ажыратып, өмірде дұрыс бағыт таңдауына көмектеседі. Осындай рухани-танымдық кездесулер ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын арттырып, кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға және қоғамда білім мен тәрбиенің маңызын насихаттауға ықпал етеді. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім нәсіп етіп, алған білімімізді ізгі амалдарға жұмсауды жазсын.
"Байтоқты баба" мешіті баспасөз қызметі.


22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

