"Әбдібай ата" мешітінің имамы Омаров Абай ағамыз мешіт ауласын абаттандыру мақсатында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Атап айтқанда, мешіт ауласындағы өскен шөптерді орғызып, жиналған қоқыстарды сыртқа шығарды.
«Тазалық — иманның жартысы» демекші, мешіт тазалығын сақтау — сауапты істердің бірі. Осындай игі бастамалар мешіттің көркеюіне ғана емес, жамағатқа үлгі болып, тазалық пен тәртіпке деген жауапкершілікті арттыруға да септігін тигізеді. Алла Тағала Абай ағамыздың еңбегіне береке беріп, жасаған қайырлы амалдарын қабыл етсін!
"Әбдібай ата" мешіті баспасөз қызметі.


22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

